ОҚО сайлау комиссиясы: «Сағат таңғы 10.00-ге дейін облыс тұрғындарының 5 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді»

388
сайлау 2012

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде отандастарымыз ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті маслихат депутаттарын сайлауға атсалысады. ОҚО сайлау комиссиясынан алынған мәлімет бойынша, алғашқы сағаттарда облыс тұрғындарының 5 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Дауыс беруде алдыңғы қатарда Арыс, Төлеби, Шардара аудандары тұр.

ОҚО сайлаушылар саны жағынан көп облыс болып отыр. Облысымызда 1 млн. 211 мың 500 адамды қамтитын 1016 учаске бар. Барлық учаскелер әрбір дауыс берушіге арналған 3 блюллетеньмен алдын ала қамтамассыз етілген болатын.

Сайлау науқанынан түсіп қалған «Руханият» партиясы және облыс, қала аудан маслихаттарына үміткерліктен түсіп қалғандар бюллетеньде сызылып тасталынған.