Осыдан екі жыл бұрын болған ауыр қылмыстың беті ашылды

Қылмыскер жазадан құтыла алмады

2010 жылдың 28-қаңтарында түнгі сағат екілер шамасында Түркістан қаласында қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жас жігіт келіп түседі. Үшкір затпен жаншып, кейін аямай пышақтап кеткен 1991 жылғы жас жігіт есін жимай, ауруханада көз жұмған.

Тексеру жұмыстары кезінде компьютерлік клубта марқұмның бейтаныс біреумен ерегісіп қалғаны анықталды. Арада көп уақыт өтпей әлгі бейтаныс оны аямай ұрып соғады да, өткір құралмен ауыр дене жарақатын салғаны белгілі болған.

Жуық арада полиция қызметкерлері 1991 жылғы күдіктіні құрықтады.  Ұсталған жергілікті тұрғын бар кінәсін мойындаған. Көрсетілген факт бойынша ҚР ҚК-нің 96 –бабы бойынша «адам өлтіру» деген айып тағылып отыр. Тексеру жұмыстары жалғасуда.