Рақымшылыққа оңтүстіктен кімдер ілінеді?

369
сурет интернеттен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының 630 сотталушысының құжаттары рақымшылықтан үміттілердің құжатын қарайтын арнайы комиссияға жолданған болатын.

Рақымшылықтың жаңа заңына сай  өңіріміздің 109 сотталушысы да үмітті. Олардың 81-і әйелдер. Барлығының  бала-шағасы бар.  Сондай-ақ бұл қайырымды істің бір ұшы алимент төлеуден жалтарып, бостандығынан айрылған 26 азаматқа тиеді екен.

Сонымен бірге, «алаяқтық» ісімен сотталған екі азаматтың  жазасын өтеу жылдары 3-7 жыл аралығында қысқартпақ.  Қалған 536-сы жеңіл және орташа қылмыс бойынша сотталғандарға бұйырып отыр.