Республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесі өз қорытындысын жарияламақ

231

Республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесі кеше өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Тәуелсіз бақылаудың негізгі бағыты сайлауға мониторинг жүргізу, сайлаудың әділ өтуіне кедергі болар заңсыздықтарды анықтау, олардың алдын алу болып табылады.

ОҚО-ның өзінде 20 бақылаушылар тобы құрылған болатын. Республика бойынша біздің облыста сайлау барысында жіберілген заңсыздықтар қатары сирек байқалған дейді бақылаушылар. Олар сайлау комитетінің жауаптыларына ұйымдастыру жұмыстарының жақсы деңгейі үшін алғыс білдірді. Бірақ тәуелсіз бақылаушылар сайлауалды науқаннан салық декларациясына шындыққа жанаспайтын мәліметтер бергені үшін кейбір үміткерлердің шығарылып тасталғандығы туралы өз пікірін де білдірді.

Ольга Ли, РТБЖ қоғамдық қорының өкілі: «Салық мекемсінің, салық декларациясын тексеру ережелерінің анықтығының жоқтығы кейбір кандидаттардың алдын орады. Мұнда саяси астар бар. Бұл біздің пікіріміз. Саяси додадан алынып тасталған кандидаттардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынғандар немесе тәуелсіз кандидаттар».

Тәуелсіз бақылаушылардың пікірінше кандидаттардың салық органдарына берген декларациясындағы мәліметтерді тексеру туралы Қазақстан заңдарында айқын көрсетілуі тиіс.Сондай-ақ егенде кандидатқа кінәсінен емес, бірақ мәліметтерде кейбір айырма байқалса, онда дұрысталған ақпаратты қайта тапсыруға мүмкіндік беру керек. Тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың дұрыс өткендігін, сайлаушылардың белсенділігін атап өтті.