Шымкентте үш әйел H1N1 вирустық инфекциясын жұқтырған

204
больница

Бүгінгі таңда тұмау (H1N1 вирустық инфекциясын) жұқтырған аяғы ауыр келіншектердің диагнозы расталды. Дәрігерлер ата-аналарға мүмкіндік болған жағдайда балаларын адамдар көптеп шоғырланатын жерге жіберуге тыйым салуды айтып отыр. Сондай-ақ, жүкті азаматшаларға абай болуыңыздар дейді.

Сонымен қатар, Шымкентте аяғы ауыр әйел пневмониядан қайтыс болған. Анық болғандай, марқұм әйел жүктілігінің 22-аптасында Шымкент қаласындағы жекеменшік ауруханалардың біріне көрінген. Оған үйге бара салысымен өз дәрігерін шақыруға кеңес берілген. Ауруханаға оны гепатит диагнозымен жатқызған. Өзін соңғы уақытта жәйсіз сезініп жүрген әйел, парацетомол дәрісін және гормондық препараттарды қолданған екен. Ал гепатит диагнозы расталмаған. Қазір дәрігерлер оның неден қайтыс болғанын зерттеп жатыр. Қорытындысы екі аптадан соң ғана белгілі болады.

Алдағы уақытта Шымкентке денсаулық сақтау министрлігінен арнайы комиссия келеді деп күтілуде. Олар барлығының анық-қанығын тексермек. Мүмкін әйелдің өліміне дәрігерлердің біліксіздігі себеп болған шығар?