Шымкенттегі алғашқы сайлаушының жасы тоқсанда

338
дауыс беру әнұранмен басталды

Бүгін елімізде Парламент мәжілісі мен аудан, қала, облыстық мәслихаттардың депутаттығына үміткерлерді сайлау күні. Талабы мен таңдауынан шыққан кандидатқа жұртшылық таңдау жасайтын тағы бір тарихи кезең. Бабы шауып, жүзден жүйрік шыққандар ғана халық атынан сөйлеуге құқық алады. Таң сәріден саяси науқанның басталуын  Шымкенттегі №10-шы сайлау округінде болып, бақылап қайттық.

Анарқұл Ерботаев

Сағат тура таңғы жетіде сайлау учаскесінде мемлекеттік ән ұран орындалып, тарихи кезеңдегі саяси сәт басталды. Дауыс берушілер ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, таңдауын жасауға асықты. Анарқұл Ерботаев жасы тоқсаннан асса да, елдің ертеңіне немқұрайлы қарай алмайтындығын білдіріп, өз қалауы бойынша дауыс беруге келіпті. Осылай белсенділік байқатқан ақсақал, өзгелерге өнеге көрсетті. Өйткені қария болашақты баянды ететін бүгінгі кандидатқа ел үшін де таңдау жасап отыр.

№10 сайлау учаскесі №46 жалпы орта мектебінде орналасқан. Мұнда 2297 сайлаушы бар. Олардың барлығының таңғы сағат жетіден кешкі сегізге дейін өз таңдауын жасауға құқы бар.  Өйткені, бұл саяси сәт әркімнің азаматтық парызы.

Саяси сәттің әділ әрі шынайы өтуін тәуелсіз бақылаушылар қадағалауда. Аталмыш сайлау учаскесінде 13 бақылаушы олқылық орын алмауына бас көз болып отыр. Олардың арасында кандидаттардың сенімді өкілдері де бар.

Сайлаушылар енді тек 13 сағат ішінде өзінің дұрыс таңдауын жасаса болғаны. Өйткені сіз қалаған үміткерден ел де үкілі үміт күтеді.