Төлеби ауданы табиғи газбен қамтылды

табиғи газ

Тұрғындардың айтуынша, көгілдір отынмен жылыту көмірге қарағанда әлдеқайда тиімді. Асүйдегі ауыр газ баллондарының машақаты да артта қалды. Жұмысты жүргізуді қолға алған мердігерлер есептегіш құралдар мен тарату станцияларын орнатып, үйді-үйге жеткізуге міндет алыпты.

Мастерхан ПЕРНЕБАЕВ, Төле би ауданы әкімнің олрынбасары Алдын 62 абононентке арналған… болатын. Егер, жөндеу жұмыстары жүргізілсе барлығының газын жабу керек болатын. Енді мұндай жағдайда бір ғана керекті обонентті ғана өшіреміз.

Төлеби ауданының ауылдарында табиғи газға қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Бұл бағытқа облыстық қазынадан 1 миллиард теңге жұмсалды. Өткен жылы аудандағы 11 ауылға газ жүргізілсе, биыл 12 елдімекенді табиғи отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Облысымыздың өзге аудандарында да газдандыру жұмысы іске асты. 2011 жылы бұл бағытқа 4 жарым миллиардтан аса қаржы жұмсалды.

Батырша МАХАНОВ, ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары
44 елді мекенде құрылыс жүргізілді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, 35 елді мекенге табиғи газ кіргізілді. Нәтижесінде 89 мың халық табиғи газбен қамтылды

Биыл да көгілдір газ 21 елдімекенге жеткізіледі. Оған 5 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр. Табиғи газдың шарапатын биыл осылайша миллионға жуық халық көретін болады.