Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай режімін ұзарту туралы Жарлығына сәйкес бесінші сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы аталған қалада өтпеуі мүмкін.
Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов хабарлады.
Дегенмен Жаңаөзен қаласындағы жағдай біртіндеп қалпына келуде. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зиян мөлшері 13,5 миллион долларға бағалануда.
Еске сала кетейік мерзімнен бұрын парламенттік сайлау Қазақстанда 15 қаңтарда өтеді.