Бәйдібектіктердің жүйкесін тоздырған жаңа мектеп

439

Бәйдібек ауданы Сарыбұлақ ауылының тұрғындары екіге бөлінді. Жылдар бойы ауылдастарымен айтыспаған көпшіліктің арасына сызат түсуі-ауылда салынатын білім ошағына қатысты болып отыр. Ауыл халқының өсуіне байланысты Кеңес одағы кезінде тұрғызылған мектепке балалар сыймайды. Аудан басшылығы 200 орындық мектеп тұрғызу үшін болған. Ал ол ауыл тұрғындарының арасына жік салды. Басты себеп- мұндағылар ауылдағы ескі мектепті алмастыратын жаңа білім ошағының салынатын орнын әлі нақтылай алмай отыр. Ауыл халқының бір бөлігі білім ошағы осыдан 60 жылдан астам уақыт бұрын салынған ескі мектептің орнына салынса дейді және ол ойларын нақты негіздермен дәлелдеуде.

Сарыбұлақ халқы күн санап өсіп келеді. Жаңа жер телімін алып баспана салуға ниеттілер де өте көп. Бір өкініштісі елдімекен бір көшенің бойына орналасқан. Мамандардың берген мәліметіне жүгінсек, ауылдың бір басынан орталыққа дейін 1 шақырым, келесі шетінен ара қашықтық 700 метрді құрайды. Екіге бөлінген тұрғындардың өтінішін қанағатандыру мүмкін емес, қалай болғанда да арыздандырушылардың бір бөлігі зардап шегері даусыз.

Сарыбұлақта 200 орындық жаңа үлгідегі білім ошағын салу жоспары 2010 жылы көтерілген. Содан бері осы дау туындап, тіпті құрылысқа қаржы бөлінбей кейінге қалдырылған. Үстіміздегі жылдың 4 қаңтары күні жобалық сметалық құжаттар толық дайындалып біткен. Оған 6 млн.-ға жуық қаржы жұмсалды. Оған ел азаматтарының көңілі толмайды. Қара жолмен мектепке жететін балаларға қиын дейді тұрғындардың бір бөлігі. Арызын арқалаған ауыл тұрғандары талай мекемеге барған. Тіпті аудандық прокуратураға да жеткен. Жаңа мектеп салынатын жердің жоспарын жасаған аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары мәселе заң шеңберінде шешіледі деп отыр. Ал облыстық құрылыс басқармасы бұл тірлікке қатысының жоқтығын айтады. Бір ауылды екіге бөлген бұл мектепте оқыған балалар ертеңгі күні топқа бөлінбесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Ол кезде ата-аналар қандай уәж айтарын уақыт анықтап берері даусыз. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gomKdbF4_mI&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=41&feature=plpp_video[/youtube]