Шымкенттегі Еңбекші ауданының прокурорлары жаңа ғимаратқа қоныстанды

295

Шымкенттегі Еңбекші ауданының прокурорлары жаңа ғимараттың қоныс тойын тойлады. Ашылу салтанатына Бас пракурордың орынбасары Нұрмахан Исаевпен облыс прокуроры Берік Құлтасов және қала әкімі Арман Жетпісбаев қатысты.

«Нұрсәт» шағынауданынан орын тепкен жаңа нысан архитектуралық жобасы жағынан облыс прокуратурасының ғимаратына ұқсатылып салынған. Енді еңбекші ауданының прокурорлары бұдан былай талапқа сай жарақтандырылған, келбеті көрікті жаңа ғимаратта қызмет жасамақ. Құрылысы 1 жылға жуық жүргізілген 3 қабатты кешен келбеті қалаға да көрік беріп тұр.

Өткен екі жыл ішінде республика бойынша 37 облыстық және аудандық прокуратураға лайықталып жаңа ғимараттар салыныпты. Биыл бұйыртса тағы қосымша 7 нысан бой көтермек. Оның біреуі аймақтық Таукент мамандандырылған прокуратурасына арналып салынады екен.