Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйелерінде апат орын алды

197

Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйелерінде апат орын алды. 22 ақпан күні болған оқиғаның салдарынан 40-қа жуық үй жылусыз қалды.

Автокөлік жолында қазір 3 Жылуэнергоорталығының мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Құдықтардан ыстық судың атқылауына байланысты өрт сөндіру қызметінің мамандары да жұмылдырылды. Су өзге құбырға жалғанып, жылу берілетін болады.

Тауке хан даңғылы №8 үйдің төрайымы Любовь Павловнаның айтуынша, кешкі сағат жетіден бастап құбырлар суи бастаған.Ол мезетте қиылыстағы құдықтардан бу шыққанын тұрғындар көрген. Апаттың алдын алу сол кезден басталыпты.