Қаланы кесіп өтетін қос каналдан қауіп жоқ

307

Шымкент қаласын басып өтетін 4 каналдың екеуіндегі яғни, Жаңашек пен Шымкент каналдарының аиналасындағы үйлерді су басу қаупі сейілді деуге болады. «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары екі каналдың екі шақырымнан астам аумағын қолымен тазартып шықты.

Бүгінде каналдардағы судың деңгейі төмен. Соған қарамастан, 2009 жылы қолға алынған канал түбін бетондау жұмыстарын жалғастырғанда ғана каналдар толығымен өз міндетен атқаратын болады.

Бұл екі каналды механикалық жолмен тазарту мүмкін емес. Жағалауы заңсыз құрылысқа айналған. Тіпті канал үстіне құрылыс салынған жәйттер де жеткілікті. Қала басшылығы каналдарды өз қажетілігіне пайдалану үшін 2009-2010 жылдары екі қос каналдың екі шақырым түбін бетондады.

Құрылысқа 230 млн. теңге қаражат кетті. Алайда, басталған тірлік аяғына дейін жеткізілмесе одан келер пайда шамалы. Су ақпайды дейді канал маңын мекендеген тұрғындар.

Биылғы жылы 9 шақырымдық Жаңашек каналы толығымен 20 шақырымға созылған. Шымкент каналының 11 шақырымын бетондау үшін ЖСҚ дайындалды. Енді депутаттар мақұлдаса қаражат бөлінетін болады. Құрылыс бөлімі тарапынан ұсыныс берілді.

Биылғы жауын-шашында тұрғындарды әбіржіткен Қошқар ата мен Қарасу каналдары болып тұр. Бүгінде 15 шақырымдық Қошқар ата мен 11 шақырымдық Қарасуды тазарту қарқынды жүргізілуде.