Облысқа Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев келіп, Оңтүстіктегі көлік саласының жалпы жағдайы мен 2012 жылы атқарылатын ортақ жұмыстар туралы облыс басшылығымен құжатқа қол қойды.
Жұмыс сапарының басты мақсаты: облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарын модернизациялау және Батыс Қытай-Батыс Еуропа автодәлізінің жұмысына серпін беру. Халықаралық маңызды жолдың Оңтүстіктегі бөлігіндегі жұмыстар бір жыл бұрын аяқталуы мүмкін деді Асқар Жұмағалиев өз твиттерінде аталмыш автодәліз жұмыстарының барысын бақылап болып.
«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолының біздің облыстағы Таразбен шектесетін бөлігін 2013 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұндай ақпар Көлік және коммуникация министрі облыс арқылы өтетін халықаралық маңызы бар жолдың жұмысымен танысу барысында айтылды. Бір түйткіл, жеке меншік учаскелерге тиесілі құжаттарды рәсімдеуге байланысты соттың ұзаққа созылуына байланысты шығуда. Осы мәселе шешімін тапса, келесі жылдың 30 наурызына дейін құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталады.
Еске салайық, «Батыс Қытай — Батыс еуропа» автожолының облысымызда 448 шақырымы орналасады. Бүгінгі күні оның 239 шақырымды құрайтын учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы іс-сапар барысында тұрғыны тығыз орналасқан ауылдарды халыққа қызмет көрсету орталықтарымен қамтуды көздеген министр мырза жолаушыларға қызмет көрсету сапасын да арттыру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ қала ішіндегі тасымал мен республикалық бағыттарға диспетчерлік жүйе енгізуді қолға алу керектігін нақтылады. Бұл ретте облыс әкімі Асқар мырзахметовпен ортақ құжатқа қол қойылды.
Асқар Жұмағалиев таяуда ғана топан суға тап болған Темірлан ауылында да болды. Қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп, автомобиль жолдары бұзылмауының алдын алу үшін шұғыл түрде қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.