Шымкент көлік жүргізушілері көктайғақтан қор болды

321

Күн райындағы өзгерістер темір тұлпарды тізгіндегендерге қиындық туғызды. Кешегі жауған қар таңертең көктайғаққа айналып, көшеде көлік тығыны мен жол шетіне сырғанап шығып қалған машиналардың қатарын арттырды. Мұндай жағдай тиісті материал сеуіп, жол тазалауға тиісті екі мекеменің жұмысты дер кезінде атқармағанының салдарынан, дейді қалалықтар.

Қала көшенлерін қардан тазартып, құм аралас тұз себуге құзырлы «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің қоймасына 2011-2012 жылға дайындық ретінде күз айында 337 текше метр құм мен 409 тона тұз жеткізілген. Алайда, биылғы қыстың қаттылығынан қосымша жыл басынан бері 200 тоннадан астам тұз бен 90 куб құм әкелінді. Өкінішке орай, ол да аздық етіп инертті материалды «Югдорсервис» ЖШС-нің қоймасынан алуға тура келді.

Қыс айыны дайындық ретінде қала әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі бюджетін бөлінгін 25 млн тенгеге 408 текше метр құм және 608 тона тұз алған. Алайда, биылғы қыс жылдағыдай жайбасарлықа салынуға болмайтындығын, Шымкентік шенеуніктердің кезекті рет есіне салды. Сол себепті алдағы жылға қала әкімдігі қала көшелерін механикалық жолмен тазартатын екі мекемеге биылғыдан екі есе көп құм мен тұз жеткізуді жоспарлап отыр.

Биылғы қыста көшені тазартып құм себуде талай қиындыққа тап болған «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің басшылығы инерті материалдарға тапсырыс беріп мемілекетік сатып алу конкурысын өткізетін ТҮКШ ЖК және АЖ бөліміне материалдардың сапасы мен жеткізу мерзіміне көңіл бөліді сұранып отыр. Мәселе оң шешімін тапса, жүргізушілер көліктерінің доңғалығы тайып қиналмайтын болады.