Үйімді мемлекет меншігіне өткізуге дайын емеспін

271
09-1

Сіз тұрған жер мемлекеттің меншігіне өтеді. Осындай ескерту қағазын алған қаламыздағы Қатын көпір шағынауданы Темірлан тасжолы көшесінің тұрғындары арнамызға шығамданып келді. Қошқар -ата өзенінің бойында ондаған жылдар бойы тұрып келе жатқан тұрғындар жергілікті басшылардың мұндай шешіміне аң-таң. Олар өз сауалдарына ресми сайтқа да жолдаған. Біз сонда қайда барамыз, бізге берілетін өтемақысы қалай болмақ. Көкейлерінде жүрген сауалға жауап таба алмай, ашуға булаққан ағайынның жан-айқайын саралап көрелік.

Ерлі-зайыпты Баймолдаевтар осыдан үш ай бұрын үйін 55 мың АҚШ долларына сатып алған. Қосымша құрылыс жұмыстары үшін 30 мың көк қағазды тағы жұмсаған. Етек-жеңімізді енді жинадық-ау дегенде қалалық газеттен үйлерінің мемлекет мұқтаждығына алынатыны туралы оқиды. Ол аздай күні кеше, ескерту қағазы да келіпті үйлеріне.

Оразбек Баймолдаев, Темірлан тасжолы көшесінің тұрғыны:»Мен үйді бар-жиған тергенімді шығарып, сатып алдым. Егер бұл аймақ мемлекет меншігіндегі жер болса, неге маған құжаттарымды жинап, үйді атыма аударып жатқанда айтпайды. Мен бала-шағаммен қайда барам, баратын жерім жоқ. Мен шағарған ақшаны олар маған толық төлемейді. Егер, өзенді көгалдандыру мақсатында осындай қадамға барып жатса, барлық тұрғынның қолынан келеді. Әркім өз ауласын жасылдандырып, тазалап отырады».

Баймолдаевтарға берілген ескерту осы көше тұрғындарының жартысына келген. Газеттегі тізімде бақандай 20-отбасының мекен-жайы жазылған.
Осы шағынауданда туып-өсіп, сіңісіп кеткен олар тұрығылықты үйлерін мемлекет мұқтаждығына беруге қарсы.

Махамедазыл Қаратамыров,Темірлан тасжолы көшесінің тұрғыны:«Мен 80-ге келгем қариямын, менің қайта үй салуға шамам жоқ. Бұл жерден кетпеймін».

Дүйім жұртты күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған ескерту қағазы мемлекеттің қай мұқтажына керектігін билік өкілдерінен сұрап білдік. Қошқар-ата өзенінің бойына абаттандыру жұмысын жүргізбек екен. Ол үшін үлкен жобада дайындалып жатқан көрінеді. Сондықтан, өзен аумағында орналасқан 689 жер учаскесі мемлкеттің мұқтаждығына алынбақ.

Асқар Жұмышев, қалалық жер қатынастары комитеті бастығының орынбасары: «Бұл үлкен жоба. Оған мемлкеттен қырауар қаржы бөлінеді. Жай ғана абаттандыру емес, оған тұрғындардың шамасы жетпейді. Сондықтан, қолдарына ескерту қағазын алған тұрғын бізге келгені дұрыс. Біз алдын-ала қалалық бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарландыру бергенбіз. Түсіндіру жұмыстарын да жүргізгенбіз. Түсінбейтін сұрақтар болса, арнайы бізге келіп, анықтауларына болады.»

Не десе де, жергілікті тұрғындар үлкен мемлекеттік стратегиялық құрылыс болса да, үйімізді босатпаймыз деп отыр.