Сайрамдағы Қызылжарды су басты

агынды су ауылды жайпап кетті

Ауыл тұрғындарының айтуынша су тасқыны 27-мамыр күні сағат 15-00 кезінде басталған. Нөсерлетіп жауған жауынның салдарынан сай саладағы су жиналып, ауылға дендей аққан. Халық ес жиып етек жеңін жиғанша ағынду су ауылдың 3/1 бөлігін жайпап кетіпті.

Араға біраз уақыт салып төтенше жағдай қызметкерлерінің шұғыл тобы Қызылжарға арнайы жетіп, селден зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті. Сөйтіп не керек, сүт пісірім уақыт ішінде адуынды сел жалаңаяқ жұрттың жағасынан алып, біраз сенделтіп қойды.

Жалпы биылғы көктемде құрғақшылықтан көз ашпаған халықтың жайраңдаған жазда мұндай алапатты күтпегені анық. Оның үстіне Қызылдар ауылы маңындағы ескі арық атыздар мен каналдың дер кезінде тазартылмағаны де судың ауыл ішіне жайылуына сеп болған дейді мұндағы жұрт.

Қазір облыстан арнайы комиссия құрлып тиісті мамандар апат болған аймақты аралап жүр.