Шымкент қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс

389

Қала әкімінің өкімімен бұған дейін аппарат жетекшісі болған Ғалымжан Сәметов ауыстыру қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аппарат жетекшісі лауазымына Берік Дүйсенов тағайындалды.

Шымкент қаласы экономика және қаржы бөлімінің бастығы Гүлжан Құрманбекова де ауыстыру тәртібімен қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ғани Құрманбай ауыстыру тәртібімен қалалық ветеринария бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімін енді Жангелді Махашов басқарады. Ал қала әкімінің орынбасарлары Салыхан Полатлов пен Абзал Әліқұлов ауыстыру тәртібімен қала әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.