Түркістандық азамат бала ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды

229

Түркістандық азамат бала ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.

Баланы үй маңынан белгісіз біреулер көлікке мінгізіп алып кеткен. Бірнеше уақыт өткен соң, бала ұрлағандар әкесіне, сонан соң, анасына смс хабар жіберген.

Полиция бөлімінің қызметкерлері оның серіктестері барын айтуда. 6 жасар баланы ұрлаған азаматтар ата-анасынан 3 млн. теңге талап еткен.

Өзге жағдайда, баланың зардап шегетінін ұялы телефон арқылы хабарлап отырған.

Бірақ, екі сағат өткен соң біреу қаладағы трасса бойында ұқсас баланы көргендігі жайында хабарлаған. Қолында скотч қалдығы қалған бала жылап отыр екен.

Қазір бұл факт бойынша, қылмыстық іс қозғалды.