Бей-берекет шашылған қоқыс орындарының көбеюіне себеп жер телімдерінің дұрыс бөлінбеуі

883

Қала аумағында бей-берекет шашылған қоқыс орындары көбейіп кетті. Осы келеңсіздіктердің орын алуына бірінші кезекте жер телімдерінің дұрыс бөлінбеуі де себеп болып отыр. Санитарлық ахуалды оңтайландыру және табиғатты қорғау мәселесін көтерген Әл Фараби аудандық прокуратура қызметкерлері келеңсіздіке жол бергендерді анықтауға кірісті.

Бұл – 2007 жылы Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын орындау мақсатында «Сәуле» шағынауданында 1200 орындық білім ордасын салу үшін бөлінген жер телімі. Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған «Дина Н» ЖШС-гі 3.5 гектар аумақты игеруге кіріскен. Тіпті, ұзындығы – 170, ені 30 метрлік шұңқыр да қазып тастайды. Республикалық маңызы бар мұнай құбыры мұнда жақын орналасқандықтан, жергілікті билікке мектепті «Қайтпас-1» шағынауданына ауыстыруға тура келеді. Нәтижесінде опырылған шұңқыр қоқыс орнына айналып, төңіректің тұрғындарына қауіп төндіруде.

Бұл жер телімі осы күнге дейін қалалық құрылыс бөлімінің балансында тұр. Заң бойынша пайдаланылмаған жер қайта қалпына келтіріліп, мемлекетке қайтарылуы тиіс болатын.

Шенеуніктердің шикі әрекетінен зардап шегіп отырғын және бір ауыл – ол «Қайтпас-1» шағынауданының тұрғындары. Бүгінде бей-берекет қоқыс орнына айналған орын мүлікті жария етуге рақымшылдық кезінде жекеге беріліп кеткен. Енді қараусыз қалып, қоқысханаға айналған жердің бүгінгі сиқы мынау.

Міне, осы мәселелер бойынша тексеру жұмыстарын бастаған Әл Фараби ауданының прокуратурасы жауаптыларды тауып, жазаға тартатындарына сенімді. Себебі, бұл мәселеде адамдардың денсаулығы басты назарда тұр.