Шымкент әуежайы бір сағат бойы қоршауда болды

307

Күндіз Шымкент әуежайын күштік құрылымдар бір сағат бойына қоршауға алды. Бізге белгілі болғандай, сағат 11-лер шамасында кезекші бөлімге әуежай ғимаратында иесіз сөмкенің тұрғаны жайлы суыт хабар келіп түскен.

Оқиға орнына тез арада саперлар, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен прокуратура және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері келді. Саперлар сөмкені тексерген кезде оның ішінен кітаптар мен журналдардан басқа қауіпті ештаңа табыған жоқ. Бірнеше минут өткен соң транзитті залдан тағы бір күдікті сөмкенің табылғаны хабарланады.

Дегенмен, ол сөмкеден де қауіпті зат табылған жоқ. Ал әуежай мамандарының айтуынша, ешбір рейс кейінге қалдырылып немесе кешіктірілмеген.