Шаңыраққа жарық жетті

392

Дәл қазір Шаңырақ ауылы тұрғындарының қуанышы қойнына сыймай отыр. Мұндағы жұрт көптен күткен электр энергиясына қол жеткізді. Айта өтейік, аты дардай ауыл Шымкенттің іргесінде бола тұра жарыққа жарымаған. Кейбірі өз күшімен желі тартып алып күнелтіп келсе керек. Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша электр энергиясымен қамтылып отыр.

500 ге жуық отбасына жарық жеткізу үшін «Ертай Б» ЖШС 555 бағананы Түркістаннан, 3 трансфарматорды Кентаудан арнайы әкеліп, жоғарғы сапалы желіні Алматыға тапсырыс берген. Бұдан бөлек әрбір отбасының үйіне электр есептегіш қондырғыларын орнатып жарықты жағып беруі тиіс. Келісім шарта солай көрсетілген.

Шағын ауданға электр желісін тарту жұмысы 191 млн. тенгеге бағаланған .Алда ішкі жүйелері салынып қойған ауыз суды басты магистыралға қосу ғана қалыпты. ЖСҚ бойынша ол шараға 89 млн тенге қаражат қажет оны алдағы сесияда дептуатар талқылайтын болады. Еңбекші ауданы бойынша бұл биылғы жылы коммуналдық мәселелері шешіле бастаған осыменен 4 шағынаудан. Жоспарда аудан құрамындағы 12 елді мекенде жарық, ауыз су мен көгілдір отын проблемалырын толық шешуі тұр.