Шекарадан азаматтарды өткізу бекеттерінің жұмысы талқыланды

215

Мемлекеттік шекарадан қалай өту керек, азаматтарды өткізу бекеттері қалай жұмыс істеуі тиіс – бұл мәселелер Отырар телеарнасының конференция залында өткен кездесуде талқыланды.

Шараны ұйымдастырған – БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі өңірлік кеңсесі. Басқосуда «Қордай» және «Жібек жолы» шекара бекеттерінің халықаралық нормаларға сай келмейтіні сөз болды. Атап айтқанда балалы әйелдер мен қарт кісілер, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған.

«Оңтүстік» шекара қызметі өңірлік басқармасының өкілдері бұл фактілермен келісті. Кездесу нәтижесінде сол бекеттерді тиісті стандарттарға сай етуге септігін тигізетін ұсынылымдар қабылданады.