«Бекжан» базары қасақана өртелген

296

«Бекжан» базарындағы өрт – қасақана ұйымдастырылған әрекеттің салдары. Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық ІІД 56 тергеушісі мен 11 сарапшысы істің ақ-қарасын анықтауға кірісіп те кеткен. Ал базарындағы қирандылар астынан табылған адам мәйтініне қатысты ақпарат та белгілі болды. Қайтыс болған – қырғыз елінің азаматы, «Бекжан» базарында нәпақасын айырып жүрсе керек. Апат болған кезде дүңгіршек ішінде қалып қойып, шыға алмай қалған болуы мүмкін. Табылған адам денесіне қатысты облыстық ішкі істер департаменті мәлімдеме жасады.

Естеріңізде салайық Шымкенттегі ең ірі сауда орындарының бірі – «Бекжан» базары жұма күні түгелдей өртеніп кеткен болатын. Бұған дейін базар басшылығы бұл белгісіз біреулердің қастандық әрекеті деп мәлімдеген.