Шымкенттегі «Бекжан» базары өртке оранды

383

Бүгін таңертеңгі сағат 4:40-де Шымкенттегі алып базарлардың бірі -«Бекжан» базары өртке оранды. Себебі әзірге белгісіз. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өртті ауыздықтау үшін 29 арнайы техника мен жүздеген құтқарушы жұмылдырылған. Оған қоса, облыстық ішкі істер департаментінің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, ашынған халықты бөгеп, қоршауда тұр.

Бекжандық саудагерлердің барлығы жиылып, базардың әкімшілік ғимаратының алдында жауап күтуде. Базар әкімшілігі әзірге үнсіз. Керек десеңіз, күзет қызметінің бірде-бір адамы көрінбейді.

Өрт әзірге ауыздықталған жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kk4neqqhZ-M[/youtube]