Шымкенттік жастар қала күнін тойлады

279
Шымкенттік жастар қала күнін тойлады
Шымкенттік жастар қала күнін тойлады

«Шымкент – менің қалам». Жоғарғы  және арнаулы оқу орнының студенттері қала күні мерекесін осындай тақырыпта тойлады. Бұл күні мерекенің мәртебесін көтерген жастар қауымы жерлес өнерпаздарды қошеметпен қарсы алды.  Шымқаланың сұлулығын әнге арқау еткен өнер иелері  осылайша замандастарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Қала күнін айрықша атап өтуді жөн көрген жастар бас қосып, Шымқаланың шырайын өнерлері арқылы паш етті.

Маржан Сұлтанхан: «Иә, қала күнін көңілді әрі тамаша тойлау бізге бұйырып отыр-ау бүгін! Себебі, жанданған сахна мен жастардың белсенділігінен мынау орта керемет болып жатыр! Әрине, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Ал сахнада өнер көрсетіп жатқан әншілерге де алғысым шексіз! Ешқашан «жұлдызбын» деп кеудесін кермей, жерлестеріне осындай құрметпен өнерлерін ортаға салуда. Бүгінгі қуанышты той – біз үшін ерекше. Біздің сүйікті қаламыздың мерекесі – біздің мерекеміз! Сондықтан, Шымкент менің қалам екеніне қуанамын».

Нұрсұлтан Назарбекұлы: «Достарым, топтастарым – бәріміз осы мерекені асыға күттік. Себебі, Шымкент – біздің қаламыз! Өзіміздің Шымкенттен шыққан танымал жұлдыздар келіп, ән шырқап, өнер көрсетіп жатыр. Бізге бұл да үлкен қуаныш сыйлап жатқанын айтқым келіп отыр. Мен тәуелсіздікпен құрдас болған соң, еліме, маған қатысты мерекелерді үлккен жауапкершілікпен тойлауға тырысамын. Себебі, аға буын айтпақшы, елдің – ертеңіміз ғой. Ал, достар қаламыздың күнімен баршаңызды құттықтаймын! Ендеше, туған күнді бірге тойлайық!»

Ал қаламыздың көркін әнмен тербеген «Арман» тобына қала жастары қуана қошемет көрсетті. Құрылғанына 6 жылдан асқан топ жастардың сүйікті өнерпаздарына айналып та үлгерген. Ал топ әншісі Ғалым Жаңабайұлы қаламыздың сұлулығы турасында әсем ән орындағанымен мақтанады.

Ғалым Жаңабайұлы: «Менің ойымша, «жүректен шыққан дүние жүрекке жетуі тиіс». Сондықтан бар өнгерімізді салып айтқан әніміз жастардың жүрегіне жетті деп ойлаймыз. Ал өзім шымкенттік болған соң, қалама арнап ән айтқанммен қуанып отырмын. Бүгін Әбілдә Аймақтың сөзіне жазылған «Шымқала» әнін орындадық. Содан соң, бойтұмар болған әндерімізден де ұсындық. Жастар жақсы қабылдаған сияқты. Себебі, ән айтып жатқанымда олардың билеп, қосыла шырқап жатқанын көріп қуанып қалдым. Ең бастысы, қала күнін ойдағыдай тойлап, патриоттық сезімімізді ұлықтаумыз керек. Бұл – біздің міндетіміз деп білемін. Сонымен қоса, жерлестерімді қала күнімен құттықтаймын! Отбасыларына бақ-береке тілеймін. Отан үшін отқа түсуден танбайық дегім келеді!»

Бүгінде Жасыл желекті Шымқаланың сұлулығы мен қасиетін шетел әншілері де әнмен әуелете шырқап жүр. Ендеше, замандастарымыз қаламыздың қадірін бағалап, құрметтеуі маңызды.