Төлебиге көгілдір отын барды

Төлебиге газ кірді
Төлебиге газ кірді

Ауылдағы ағайынға газ келді!

Төлеби ауданындағы Тоғыс елдімекеніне көгілдір отын қосылды. Бұған жергілікті тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Олар енді қыста көмір жағып, күл шығарудан құтыламыз дейді.

Үш ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатына облыстық бюджеттен 250 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жергілікті басшылық алдағы уақытта Төлеби ауданындағы тағы бірнеше елдімекенге газ қосылады деп уәде берді.