Мемлекетке борышкер студенттер бар

383
Мемлекеттік несиеге оғығандар қарызын қайтаруға қауқарсыз
Мемлекеттік несиеге оғығандар қарызын қайтаруға қауқарсыз
Мемлекеттік несиеге оғығандар қарызын қайтаруға қауқарсыз

Қазақстандық студенттер мемлекетке 800 млн. теңге қарыз! Олар – несие бойынша білім алғандар. Жалпы саны 60 мыңға таяу бұрынғы студенттердің бірі жұмысқа орналасса, енді бірінің әлі күнге дейін тұрақты жұмысы жоқ. Шымкенттегі осындай қарызы бар студенттердің бірімен сұқбаттасу бұйырды.

2000-2004 жылдар аралығында білім алған Бақтияр Әлімбеков, мемлекетке қарыз екенін жоққа шығармайды. Алайда, несие жүйесі арқылы оқып, диплом алып шыққанымен, мемлекет келісім-шарт бойынша жұмыспен қамтымады. Сол үшін берешегімді беруге асықпадым дейді.

Бақтияр Әлімбеков: «Мойныңда қарыз жүк болып қалмау керек. Адам оқығаннан кейін өтеу керек. Бірақ мемлекет тарапынан заңдастарып, жұмысқа орналастырған жоқ. Оның үстіне түрлі себеппен мамандығым бойынша жұмысқа да алған жоқ. Одан кейінде екінші мамандық алдым. Келісім-шарт бойынша, алі екі жылым бар. Заңгерлермен кеңесемін, бірақ менікі дұрыс десе, төлемеймін, жоқ десе, төлеуге мәжбүрмін».

Сол жылдары ОҚМУ-де Бақтияр секілді бір мың алты жүзден астам студент оқыған. Берешегің бар деп тілдей қағаздар келіп тұрғанымен, өсімі болмағандықтан, назар аудармағандар да жетерлік.

Ал сабақты бітіріп кеткен студентттердің несиесімен университеттің жұмысы жоқ. Тек былтырдан бері, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруымен оқып жатқан студенттері жайлы жақсы біледі. Өйткені әр семестр сайын олардың үлгерімдері банкке жолданып отырады.

Айдарбек Болысбек, ОҚМУ тіркеу кеңсесінің жетекшісі: «Былтыр БТА банк бойынша 19 бала, ал Альянс банк бойынша 48 бала, жалпы 67 студент банк тарапынан қаржыландырылып оқып жатыр. Ал биыл 31 бала Альянс банк тарапынан қаржыландырылуда. Студенттердің айтуы бойынша, оқу үлгерімі жақсы болу керек. Сондықтан семестр сайын, оқу үлгерімдерін береміз».

Осы сауалмен қаладағы банктердің біріне хабарласқанымызда, қаржылық құпияны айтып, мәлімет беруден бас тартты. Ал бұл – осыдан үш-төрт жыл бұрын банктерден жарыса несие алған студенттер. Мақсаты айқын жастар, несие алып, жоғары оқу орнына түсті. Биыл оқуды бітіреді де. Ең бастысы, міндеттерін ұмытпаса болғай.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4zrZZRUqJd0[/youtube]