Полицей спортшылардың жетістігі жетерлік

192

Ішкі істер басқармасының спортшылары да өткен жылды қорытындылады. 2012 жыл шағын футбол шеберлері үшін сәтті аяқталды деуге болады. Олар Көкшетауда өткен Қазақстан чемпионытанда жеңімпаз атанып, кейіннен қазан айында Нидерланды да өткен Әлем біріншілігінде екінші орыннан көрінді. СОндай-ақ, аяқдопшылармен бірге волейболшылар да арнайы марапатқа ие болды. Жерлестеріміз жоғары лигаға жолдама алып, теміртауда топ жарған болатын. Ендігі жоспар жылан жылы да жеңіс тұғыранан көріну.

ОҚО мақтаныштары волейбол және шағын футболдан облыс құрама командасы
ОҚО мақтаныштары волейбол және шағын футболдан облыс құрама командасы

 

Ғабит Әбдікәрімов, ОҚО ІІБ шағын футболдан құрама командасының ойыншысы: «Шынымды айтсам былтырғы жыл біз үшін қиын болды. Қарсылас командалар да жақсы дайындықпен келген. Бір жағынан кездесулер тартысты болғаны қуантады. Десек те біз ФРанция, Ангшлия, Германия, Голандия, Кипр және Түркия секілді елдердіі ептілерінен басымдылық таныта білдік.»