Судың бағасы қымбаттауы мүмкін

356
Судың шығындарының көлемін арттыру мәселесі қызу пікірталас тудырды

 

Судың шығындарының көлемін арттыру мәселесі қызу пікірталас тудырды
Судың шығындарының көлемін арттыру мәселесі қызу пікірталас тудырды

Қалалық коммуналдық кәсіпорынға қолдау қажет пе? Бұл сауал ОҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінде өткен жиынды қызу талқыланды. «Нұрсәт» және Шымкенттің маңындағы бірқатар аудандарға қызмет көрсететін «Су құбырлары және кәріз жүйелерін басқару» мекемесінің басшылары судың шығыны деңгейін аттыруды ұсынған соң жиналған қызу пікірталасқа кірісті. Оған себеп – мұндай қадамның соңы су бағасының қымбаттауына әкеп соқтырары әбден мүмкін.  Бұған қоса аталған мекеменің тиісті материалдық базасы да жоқ болып шықты. «Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін әр мекеменің материалды-техникалық базасы толық болуы тиіс. Ал кез келген уақытта, кез келген жерде пайда болатын ақауларды жөндеуге жұмысшылар қажет. Әзірше бізде мұндай мүмкіндік жоқ», – дейді «Су құбырлары және кәріз жүйелерін басқару» МКМ директоры Әбидин Сәкенов. 

Бұл мекеменің өзін-өзі асырап жатқанынан табиғи бәсекелестікті реттеу департаментінің өкілдері де хабардар. Алайда, бұлай жалғаса беруі мүмкін емес дейді олар. Облыстық департаменттің бастығы Нұрмахан Жолдасовтың айтуынша, «қазір облыс республикалық қазынадан бөлінген ақшаның бір бөлігін су құбырларын тартуға жұмсайды. Ал оны ары қарай жөндеп-баптауға назар аударылмайды. Тіпті, өзінің қарамағында қанша шақырым құбыр барын білмейтін жауапты шенеуніктер де бар. Ал халыққа сапалы қызмет көрсетілуі тиіс».

Су шығындарының көлемін мекеме жетекшісі сұрап отырған деңгейге дейін көтеру мәселесі алдағы уақытта тағы да талқыланады. Соңғы нүкте 19-қаңтардан кейін қойылады деп күтілуде. Егер осы мәселе оң шешілген жағдайда қала маңындағы тұрғындарға қатысты су мен кәріз жүйесін қолданудың бағасы көтерілуі әбден мүмкін.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lNqd30uYGtI[/youtube]