Төлебиде екі бірдей мектептің тұсауы кесілді

324
Енді балалар орталыққа барып сабылмайды
Төлеби ауданында бірден 2 мектеп ашылды
Төлеби ауданында бірден 2 мектеп ашылды

Төлебиде екі мектеп пайдалануға берілді. Бұл аудан бюджеті есебінен салынған үшінші білім ошағы. Атқарылған жұмыс аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюының арқасында жүзеге асып отыр. Үш жылда жергілікті бюджет 550 млн. теңгеден бір миллиардқа өсті.

Шұбарағаш елді-мекеніндегі 75 орындық бастауыш мектепті тұрғызуға 107 млн теңге қаражат жұмсалды. Маусым айында басталған құрылысты қаңтарда аяқтауға тура келген. Аудан әкімі ол бюджеттегі қаражаттың тапшылығына байланысты дейді. Енді ауылдағы 46 бала орталыққа сабылып шаршамайды. Ал Айнатастағы 100 оқушыға арналған мектепке 137 бала баратын болады.

Енді балалар орталыққа барып сабылмайды
Енді балалар орталыққа барып сабылмайды

Аудан басшылары 2018 жылға дейін елді-мекендердегі типтік емес, саманнан салынған білім ошақтарын жаңартуды жоспарлап қойыпты. Ондай нысандар Төлебидегі 72 мектептің 43 пайызын құрайды екен.

Бұл шаралардың бәрі аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғайуынан іске асып отыр. Жыл сайын аудан экономикасының көтерілуі облысқа қарап алақан жаюды азайтып, жергілікті бюджеттің қалтасы көтеретін нысандарды өздері салуға мүмкіндіктер туындады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=r8E4cSwaFR8[/youtube]