Емханалар бас партияның бақылауында

303
Партия бақылау жүргізді

Шымкент емханаларындағы ұзын-сонар кезек халық қалаулыларының назарына ілікті. Емделушілер жиі өзгеріске

Партия бақылау жүргізді
Партия бақылау жүргізді

ұшырайтын денсаулық саласындағы тағы бір жаңалықты жатырқай қабылдады. Әсіресе, ата-аналар ересектер мен балалардың бір ауруханада ем қабылдауына қарсы.

Бірінші болып орталық емханадан партиялық бақылау жұмыстарын бастаған нұротандықтар ә дегеннен-ақ, тар дәліздегі кезекке көздері түсті. Халықтың қалауы біздің емхана болғандықтан келушілерге кет дей алмаймыз дейді бас дәрігер. Ал емделушілердің пікірі басқа.

53 мың емделушіге емхананың 100 дәрігері қызмет көрсетеді.  Оларды ауруханаға жатқызу үшін арнайы портал да қарастырылған. Күндізгі ем қабылдауда жолға қойылған.

Ал жедел-жәрдем ауруханасына күніге 150-дей науқас тіркелсе, оның тең жартысы ауруханаға жатқызылады. Қабылдау бөлімінде арнайы болған депутаттар партиялық бақылау бұрышы мен кабинетінің жабдықталуымен танысты. Халыққа тиімді қызмет көрсетіп,ұсыныс-тілегіне құлақ түру мақсатында қаладағыденсаулық сақтау мекемелерінде 37 бақылау бекеттері жұмыс істейді екен. Бекеттерді депутаттардың өзі басқарады.

Шәріпбек Жамалбек, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

Шәріпбек Жамалбек
Шәріпбек Жамалбек

«Жасыратыны жоқ, соңғы кезде дәрігерлердің халыққа қызмет көрсетуіне көңіліміз толмайды деген хаттар көптеп келді. Арыз-шағым да көп. Міне, біздің партиялық бақылау бекеттері осындай шағымдарды дер кезінде шешуге атсалысады. Бекеттің жетекшілері сол жерде-ақ, аурухана басшылығымен бірлесе отырып, халықтың ұсынысы мен талап-тілегін орындайды».

Халықпен тығыз байланыс жасап, денсаулық сақтау жүйесіне енген өзгерістердің орындалуын қадағалау мақсатында құрылған партиялық бекеттер биылдан бастап өз жұмысына кірісіп кетіпті. Алайда бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін халық жатырқай қабылдады. Балаларын ересектермен бірге емдету жөнсіз деп отыр.

Марзия Кабулова, №2 Шымкент қалалық балалар емханасының бас дәрігері: «Ата-аналардың ойынша, балалар мен ересектерге бір емханада ем алу дұрыс емес. Балалар емханасының өзінде дүйсенбі күні ауру балалар келсе, сейсенбі күні сау балалар келеді. Бұл емделушінің өзге жұқпалы аурулардан сақ болу үшін сақталатын талап. Ал егер барлық отбасы мүшелері бір дәрігерге көріну үшін, ол дәрігер педиатр мамандығын да  игеру керек. Ол бір-екі күнде иегере кететін оңай дүние емес. Сондықтан осыны ескерсе деп тілектерін жеткізді».

Не де болса, үнемі сынға ұшырап, халықтың наразылығы тудырып жүрген дәрігерлер енді бас партияның да қатаң қадағалауында болмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AnR5wBLo5Bo[/youtube]