Ауыл тұрғындары наразылыққа шықты

401
көшелер тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай қалған
көшелер тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай қалған
көшелер тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай қалған

Сайрам ауданы Достық ауылының тұрғындары наразылыққа шықты. Айтуларынша, мұндағы көшелер тұрмыстық қалдықтардан көз ашпай қалған. Онымен қоймай соңғы кездері мал қиын көше бойына шығарып тастайтындар тым көбейіп кеткен.

Ал жергілікті билік еш әрекетсіз дейді тұрғындар. Олар бүгінгі шараға да ауыл әкімін шақырып еді. Бірақ ол тағы келмей қойды.

Шенеуніктердің өтірік сөздеріне өкпелеген жергілікті тұрғындардың бұл алғашқы наразылығы емес.

 

Жолдың жыры да жетерлік
Жолдың жыры да жетерлік

Бұған дейін бірнеше мәрте бас қосып, ортақ болған мәселелерін шешуге тырысып көрген. Бірақ «сен саларда мен салар, атқа жемді кім салар» деп тарасыпты. Ендігі үміт билікте еді.

Бүгінгі жиынның болатындығы жайында ауыл әкіміне арыз берілген. Алайда қордаланған қоқыстан бөлек, мұнда жолдың жыры да жеткілікті екен. Мұны былтырдан бері білетіндер биыл да жалған жауап берумен жалтарды.

Әкім бол, халқыңа жақын бол деген сөзге сенуден қалған көпшілік енді көмек сұрауға сол маңдағы ірі кәсіпорынның бірі цемент зауытының басшыларына бет бұрды.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Ef5I5FPHK4k[/youtube]