Кептер үшін кісі өлтірген

1554
кептер ушин адам өлтірген
кептер ушин адам өлтірген
кептер үшін адам өлтірген

Тәртіп сақшалары екі жыл бұрын орын ал кісі өлімін «ашты». 2011 жылдың мамырында Түркістандағы жекеменшік үйлердің бірінен зорлықпен өлтірілген 54 жастағы ер кісінің мәйіті табылған еді. Марқұм басына тиген ауыр заттан жан тапсыраған. Жуырда осы оқиғаға қатысты күдіктінің қолына кісен салынды.

Оқиға былай өрбіген. Марқұм кептер өсіруді ермек еткен. Бірде ол таныс адамын үйіне шақырып, өзі өсіріп-баптап жүрген кептерлерін көрсеткен. Қыза-қыза мұндай кептерлердің қалада өзінен басқа ешкімде жоқ екенін айтып мақтанған. Ал әлгі кептерлер жатса-тұрса ойынан кетпеген танысы оны ұрлау үшін ертеңіне түнде оның үйіне барған. Бірақ, аулаға кіре бергенде оны үй иесі көріп қойыпты. Ол жүгіріп келген бойда кептерханаға бет алған ұрының жон арқасына күрекпен қойып-қойып жіберген.

Сол жерде екеуінің арасында төбелес басталып кетеді. Кептер ұрлауға барған адам жерде жатқан ломмен үй иесінің басына бірнеше рет ұрған. Танысының жан тәсілім еткеніне көз жіткізген соң ол қарасын батырған. Қазір тәртіп сақшылары күдіктіні қамауға алып, тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.