Орман алқабы өртенді

448
Толық ақпарды кешке жариялаймыз

 

Толық ақпарды кешке жариялаймыз
Толық ақпарды кешке жариялаймыз

Түркістан Орман, жануарлар дүниесін және табиғатты қорғау шаруашылығында өрт шықты. Өрт шарпуына мемлекеттік мекеме аумағындағы өртенген қамыс себеп болыпты.  Тілсіз жаумен күреске аз емес 19 сағатқа жуық уақыт кеткен. Бұл туралы ТЖД өкілдері хабарлады.

Қызыл жалын 470 гектар аумақты жайпап кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ орман алқабының бірәз бөлігі күлге айналған. Өртке қарсы күрес саласының 20-ға тарта қызметкерлері үлгере алмағандықтан, жалынды ауыздықтауға жергілікті тұрғындар да атсалысты.

6 сәуір күні 16 сағат 32 минутта басталған өрт келесі күні 18 сағат 50 минутта ауыздықталыпты.