Өрт қауіпсіздігі сақталмаған

340
"Оңтүстікциркке" арыстанды зообақ сыйлады

 

Базарда былықтар көп
Базарда былықтар көп

Өрт сөндірушілер кезекті сауда орындарындағы қауіпсіздік шараларының сақталу деңгейін тексерді. Бұл жолы төтенше жағдай басқармасының мамандары Алаш көтерме сауда базарына барды. Базардағы былық қаладағы өзге базарлардағы кездескен кемшіліктерден де сорақы болып шықты.

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Алаш базарының ішіне өрт сөндіру көлігінің кедергісіз кіре алмайтындығына көздері бірден жетті. Сондықтан, бұл жолы базар ішіндегі ірі қоймалардың өрт қауіпсіздік шараларын тексеруден бастады. Естеріңізде болса, бұл базарда бұрын өрт болып, тап осындай қойма жанып кеткен болатын. Алайда сол кездегі келеңсіздіктен базар басшылары да, саудагерлер де қорытынды шығармағанға ұқсайды. Шекеге тимеді деген осы болар, сірә!

Базар ішінен сауда қатарларына қосымша жапсарлас құрылыстар салыныпты. Бір қызығы оның ешқайсысында заңды құжат жоқ. Ал базар иелері болса, саудагерлердің жағдайын жасап жатырмыз дейді.

Базарды күнкөріс көзіне айналдырғандарға тап осылай жағдай жасаған дұрыс емес. Керісінше олардың өмірі мен заттарына қауіп төндіріп тұрғандығын ТЖБ мамандары кезекті рет кәсіпкерлерге түсіндірді. Айтқанға көнбеген жағдайда базарды жабу туралы құжаттар сотқа өткізілетін болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mf-J6bYilGE[/youtube]