Балалар алаңшасының сапасы сын көтермейді

516
Әткеншектердің түрі осы

Теріскей шағынауданының түрғындары аулаларындағы балалар алаңшасының құрылыс сапасына наразы. 16, 17 және 10-көпқабатты үйдің тұрғындары құрылыс мердігерлерінің күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін аулаларында ешқандай өзгеріс көрмеген.  

Теріскей шағынауданының тұрғындары
Теріскей шағынауданының тұрғындары

Жергілікті тұрғындар құрылысшылардың жұмыстарына наразы. Олар жаңа ойын алаңшасына қанағатанбайды. «Аулада бірнеше  орындық қана ауыстырылды, ал қалғандары тек боялды»,-деседі олар.

 

Әткеншектердің түрі осы
Әткеншектердің түрі осы

Сақбаева Жанна, тұрғын: «Бұрынғы ауламызға жете алмай қалдық. Мынау не?. Бояғандары ма?»

Турдиниса Тойчиева, №17 үйдің төрайымы: «Әткеншектер Кеңес одағында қандай еді, сол күйінде қалды. Отыруға арналған жаппаны кеше келіп астын кесіп кетіпті. Ол биік еді, отырған үлкен адамның өзінің аяғы жерге тимейтін». 

Балалар алаңшасының сапасына көңілі толмайды жұрттың
Балалар алаңшасының сапасына көңілі толмайды жұрттың

Айқай-шудан кейін ғана мердігер құрлысшылар балалар алаңшасын қайта жаңарту жұмыстарын бастады. 2 компанияның қызметкерлері «тұрғындар бекер дау шығарғанын, жұмыстар әлі бітпегенін айтады.  

Бұл Шымкентте жаңартуды талап ететін жалғыз балалар ойын алаңшасы емес. Бүгінгі күні қалада жөндеуді талап ететін 269 балалар алаңшасы бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6H86qkm6xZQ[/youtube]