9 жыл бұрын салынған мектеп апатты жағдайда

398
9 жыл бұрын салынған ғимарат қирап тұр
9 жыл бұрын салынған ғимарат қирап тұр
9 жыл бұрын салынған ғимарат қирап тұр

Шымкентте үш бірдей мектеп апатты жағдайда тұр. Бірі 1937  жылы салынған болса, енді бірі осыдан небәрі тоғыз жыл бұрын тұрғызылған. 2004 жылы бой көтерген білім ошағы бүгінде бүліне бастаған. Осынау нысандарды қала әкімі Дархан Сатыбалды аралап көрді.

Шымкенттегі 62-ші мектептің құрылысы 9 жыл бұрын салынған. Бірақ апатты жағдайдағы мектептердің тізімінің көшін бастап тұр. Ұстаздық жолында бірінші рет су жаңа мектепке директорлық еткен басшының да айтары аз емес.

Замира Дотаева, мектеп директоры: «Мектепті қабылдап алып жатқанда басы қасында болғам. Бірақ мұндай жағдайды байқаған жоқ едік. Бәрі де қалыпты болатын. Биылғы оқу жылының соңында бірінші сызат түсе бастады қабырғаларға. Сосын аз уақыттың ішінде қабырғалардың көп бөлігі шытынай бастады. Мамандар жақын маңдағы су құбырлары жарылып, меткептің асытна су кеткен дейді. Содан қабырғалары сөгіле бастаған.»

Ал осыдан 76 жыл бұрын салынған мектептің 21 ғасырда салынған мектептерден діңгегі мығым,қабырғалары бүтін. Тек сейсмотұрақтылық ескерілмей қалған. Сол үшін де шатыры жаңартылмақшы.

Ал Шымқаланың орталығындағы №1-ші мектеп гимназияның 1 бөлігінде күрделі жөндеу болады. Ал апатты тағы бір бөлігі бұзылады. Ал осы мектеп оқушыларының кей бөлігі жақын маңдағы екі мектепке уақытша білім алуға жіберілетін болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lUNfGPHdspI[/youtube]