Шымкенттің жолаушылары бүгін тегін жүрді

367
Айт мерекесіне қоғамдық көліктердің жасаған сыйы

 

№ 43,70,74,21 бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру бүгін тегін
№ 43,70,74,21 бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру бүгін тегін
Айт мерекесіне қоғамдық көліктердің жасаған сыйы
Айт мерекесіне қоғамдық көліктердің жасаған сыйы

Қаламызда айт мейрамына қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда. Бұл сауапты істің бастамашысы- Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Оңтүстіктегі өкілдігі.

Ал, тұрғындарының әжетін өтеуге бағытталған шараға кәсіпкер азаматтар демеушілік жасаған.

№ 43,70,74,21 бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктер халыққа айттың алғашқы күнінде ғана тегін қызмет көрсетеді.

Айнабек Нұрлан, қала тұрғыны: «Облыстық діни басқармаға үлкен рахмет айтамын. Айт мерекесіне тегін автобус жүргізіпті. Ол да болса ынтымақтың белгісі. Дінімізге көптеп бет бұрайық».

Айтпақшы, Қасиетті Ораза айының келуіне орай, шымкенттік жолаушы тасымалдайтын компаниялардың басшылары бірнеше қалалық бағыттарда жолаушыларды тегін тасымалдауды ұйғарған болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Di3-obMh_9o[/youtube]