Президент шарап зауытында болды

353
Елбасы жүзім алқабында

Бүгін Елбасы Сарыағаштағы жүзім алқабына барды. Мемлекет басшысы мұнда шарап зауытының жұмысымен танысты.

Фотосуретті облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі ұсынды
Фотосуретті облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі ұсынды

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Францияға жасаған сапарлардың бірінде ірі шарап өндірушілермен кездесіп, елімізде сапалы шарап өндіру жайын талқылағаным бар. Ондағы мамандар елімізге келіп, жоғары сапалы шарап дайындау үшін жаңа жүзім сорттарын отырғызып, заманауи технологиямен жұмыс жасайтын құралдар керек деген еді. Осыны іске асыру үшін жергілікті билік 600 гектар жер бөлді. Мұнда жоғары сұрыпты жүзім егіліп, заманауи зауыт бой көтерді. Бұл шарап болашақта Қазақстанның атын шығаратын брендке айналады».

Елбасы жүзім алқабында
Елбасы жүзім алқабында

Бүгінде зауытқа қарасты жер телімдеріне жүзімнің «Ркацителли», «Саперави» және француздың «Каберне Фран», «Каберне Совиньон», «Совиньон Бланш» және тағы да басқа сұрыптары егілген.