Браконьерлер азаймай отыр

373

Облысымызда заңсыз аңшылардың қарасы көбейген. Бұған қоса аң аулауға рұқсаты бар саятшылардың көбісінің қаруға қатысты құжаттары толық емес. Кең етек жайып бара жатқан осы келеңсіздіктің алдын алу үшін облыстың орманшылары рейд өткізді.

Облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының мамандарының назарына ә дегеннен-ақ тоғайдың ортасында тұрған «Газель» автокөлігі ілікті. Тексеру барысында автокөліктің ішінен тазы ит пен оқ-дәрі табылды. Саятшылыққа шыққаны айқын болса да «Газель» иесі серуендеуге шыққан кейіп танытып, көлікте қару жоқ екенін айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JpciD7104vY[/youtube]

Алайда көлікті тексеру барысында анықталғаны – бұл саяхатшылар мемлекеттік қорық аумағына бірде-бір рұқсат құжатынсыз кірген. Ол аздай, саятшылар өздерінің қаруы мен атып алған қырғауылдарын жасырмақ болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lbq0KHvgUVo[/youtube]

Мамандардың айтуынша, әр аңшыда аңшылық билетінен бөлек, қаруға рұқсат беретін қағазы мен арнайы жолдамасы болуы керек. Аталған құжаттардың біреуі болмаса аң-құс атуға шыққан адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тағы бір айта кетерлігі, рейд барысында көзге түскен мына саятшының құжаты түгел болғанымен, өзі рұқсат етілмеген аумақта аң аулаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nvNO9XiRXK4[/youtube]

Мамандардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл заңсыз аңшылықпен айналысатындардың саны көбейген. Енді алдағы уақытта тексеру жұмыстары Отырар,Шардара және Созақ аудандарында жалғасады.

Атылған қырғауыл
Атылған қырғауыл