Той-тойлауға себеп бар

Алдымен Ленгір қаласындағы нысанның лентасы қиылды. «Ұлар шың» балабақшасы жеке кәсіпкер Роза Ешанқұлованың қаражатына салынған

Тау жағалай қоныстанған Төлеби ауданының жұртшылығы үш бірдей қуанышты қатар тойлады. Төлебиде екі балабақша мен бір медициналық тірек ашылды.

«ОҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен Нысанбек медициналық тірегінің құрылысы маусым айында басталып, қыркүйекте пайдалануға беріліп отыр
«ОҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен Нысанбек медициналық тірегінің құрылысы маусым айында басталып, қыркүйекте пайдалануға беріліп отыр

Алдымен Ленгір қаласындағы нысанның лентасы қиылды. «Ұлар шың» балабақшасы жеке кәсіпкер Роза Ешанқұлованың қаражатына салынған. Бұл балалар мекені бұрын кәсіпкердің өз үйі болған екен. Қаладағы мектеп жасына дейінгі жеткіншектердің оқуы мен тәрбиесіне арналған мекеменің қажеттілігін байқаған Роза атасынан қалған үйдің құрылысына қайта жөндеу жүргізіп, балабақшаның кейпіне келтіріпті. 120 бала сиятын нысан құрылысын ыңғайластыруға кеткен қаржы 20 миллион теңгені құраған.

100 балаға арналған «Инабат-ару»  жекеменшік балабақшаның иесі – Маликова Үрзада
100 балаға арналған «Инабат-ару» жекеменшік балабақшаның иесі – Маликова Үрзада

– Бұл – аудандағы ең үлкен балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының қолдауымен жүзеге асып отыр. Аталмыш бағдарламаның IV кезеңі бойынша ауданда жыл соңына дейін 4-5 осындай балабақша ашылады, дейді аудан әкімі Әуелхан Тұрғынбеков.

30-ға тарта қызметкерді жұмыс орнымен қамтамасыз еткен мекемеде балалар бес топқа бөлініп, тәрбиеленеді.

Тау жағалай қоныстанған Төлеби ауданының жұртшылығы үш бірдей қуанышты қатар тойлады.  Төлебиде екі  балабақша мен  бір медициналық тірек ашылды
Тау жағалай қоныстанған Төлеби ауданының жұртшылығы үш бірдей қуанышты қатар тойлады. Төлебиде екі балабақша мен бір медициналық тірек ашылды

Келесі нысан аудан орталы-ғынан жырақта, тау ішіндегі Нысанбек елдімекенінде екен. Мұнда Нысанбек медицналық тірегі ашылды. Алатау ауылдық округіне қарасты, 800-ге жуық тұрғыны бар бұған дейін жеке медицианалық тірек болмаған. Дәрігерлер ауылдағы мектептің екі бөлмесін паналап, ем іздеген жұртшылыққа сол білім мекемесінің ішінде қызмет көрсетіп келген. Нысанбектің жұртшылығың хал-жағдайы басшылықтың көзіне биыл ғана ілініп, бюджеттен 32 миллион теңге бөлініпті. «ОҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен Нысанбек медициналық тірегінің құрылысы маусым айында басталып, қыркүйекте пайдалануға беріліп отыр. 9 бөлмеден тұратын тіректің міндеті – халыққа медициналық қызмет көрсету. Фелдьшер, акушер, санитар мен күзетші, бас аяғы төрт адамға жұмыс беріп отырған медициналық тіректің ашылуында аудан әкімі сөз сөйлеп, лентасын ауыл ақсақалдары қиды.

Алдымен Ленгір қаласындағы нысанның лентасы қиылды. «Ұлар шың» балабақшасы жеке кәсіпкер Роза Ешанқұлованың қаражатына салынған
Алдымен Ленгір қаласындағы нысанның лентасы қиылды. «Ұлар шың» балабақшасы жеке кәсіпкер Роза Ешанқұлованың қаражатына салынған

Үшінші сапардың көші Тасарық ауыл округіне бағыт алды. Осы округке қарасты Жамбыл елдімекенінде балабақша ашылды. Халыққа қажет нысан ашатын болғандықтан да жүздері жадырай кабинеттерінен шыққан әкімшілік қызметкерлері тау арасында бұйығы тіршілік кешіп жатқан Жамбыл елдімекеніне түске таяу жетті. 100 балаға арналған «Инабат-ару» жекеменшік балабақшаның иесі – Маликова Үрзада. Тұсаукесерге халық көп жиналыпты. Мұнда бұған дейін екі қабатты тұрғын үй болған екен. Сол үйге қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балабақша талаптарына ыңғайластырылыпты. Құрылыс жұмыстарына 48 миллион теңге жұмсалған. 24 жанға еңбек етер орын болып, нәпақысын айыруға мүмкіндік жасап отырған мекемінің де ашылуына аудан әкімі қатысты. Ауыл ақсақалдары лентасын қиғаннан кейін, жиналған көпшілікке арнап концертік бағдарлама ұйымдас-тырылды.

Жәнібек НҰРЫШ

Суреттер автордікі