Сайрам ауданында жаңа балабақша ашылды

872
Сайрамда биыл тағы 15 балабақша ашылмақ

Сайрам ауданы жаңа бір балабақшамен толықты. «Балапан» бағдарламасы аясында салынған 280 орындық нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 356 миллион теңге бөлінген. Жаңа ғимаратта үлкен ыңғайлы балалар бөлмесі, жатын орын және барлық заманауи құралдармен жасақталған медицина бөлмесі де қарастырылыпты. Жергілікті білім бөлімі басшылығының айтуынша, ең бастысы, мұнда бөбектерді білікті мамандар тәрбиелейді. Және жуырда Сайрам ауданында мектепке дейінгі білім берудің бар мәселесі шешімін табады деп отыр.

280 орынды балабақша ашылды
280 орынды балабақша ашылды

 Динара Айкөзова, Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы: «2014 жылы біз тағы да қосымша кемінде 15 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек қыркүйек айынан бастап дайындық топтарын ашылады.»

Сайрамда биыл тағы 15 балабақша ашылмақ
Сайрамда биыл тағы 15 балабақша ашылмақ

Сайрам ауданында жыл сайын балабақшалар 3 мыңға жуық кезекте тұрған бүлдіршіндермен толығады. Ал аудандық білім бөлімі алдағы 3 жылдың ішінде кішкентай тұрғындардың 3/4 бөлігі мектепке дейінгі тәрбиемен сусындайды деп жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nQZKUzRmcSs[/youtube]