Тәулік бойы жауған қарды тазалау қиынға түсуде

450

Шымкентте бір тәуліктен астам уақыт бойы толассыз жауған қарға қаланың коммуналдық қызметі төтеп бере алмай отыр. Көшелерді тазарту үшін «Югдорсервис» мекемесі бар болғаны 13 техника жұмылдырыпты. 33 көшені аралап, жауған қарды тазалау үшін мұнша техника жеткіліксіз болып тұр. Коммуналдық қызметкерлер әлі кемінде 20 техника қажет дейді.

Ал «ЛТД тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары қала көшелерін қардан аршу үшін 34 техника жұмылдырды. Дегенмен, 79 көшені қардан тазартып, жолаушы мен жүргізушілердің жағдайын жасау үшін тағы да 50 техника қажет дейді мамандар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bPBwDghuleo[/youtube]