Ұстаздар арасында пара алу тыйылмай отыр

457

Екі мектептің директоры пара алғаны үшін заң алдында жауап беретін болды. Бірі мектепке қызметке аламын десе, екіншісі қызметшіні толық ставкаға өткіземін деп уәде берген. Дегенмен, құлқынның құлы болған педагогтардың әрекеттері әшкере болды.

 

Қаржы полициясының тергеушісі 10 мыңдық купюраларды мұқият санауға кіріскен. Мұның барлығы — параға берілген ақша. Жалпы сомасы — 310 мың теңге. Бұл теңгені № 68 мектептің директоры пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған. Теңгенің құнсыздануына дейін 2 мың АҚШ доллар көлеміндегі сыйақыны ол жергілікті азаматты жұмысқа орналастырамын деп алыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HzloMKY8Mtw[/youtube]

Мектеп директоры қылмысқа орынбасарын да итермелеген болуы мүмкін. Жұмыстағы көмекшісі пара алу да міндетін бұлжытпай орындап, делдал болған. Енді ол бұл белсендігі үшін заң алдында жауап береді.

Ал тағы бір азаматшаны жұмыс орнынан кетуге асыққан жерінен қаржы полициясының қызметкерлері күтіп алды. «Шұбар» орта мектебінің басшысы да парамен құрықталып отыр. Алдыңғы әріптестеріне қарағанда оның олжасы бірнеше есе аз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pw1kKHhvH5E[/youtube]

Айта өтейік, өткен жылы облыстық қаржы полициясының қызметкерлері білім саласында жұмыс жасайтын 41 тұлғаға қатысты 56 қылмыстық іс қозғаған.