2013 жылы ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2012 жылмен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемін 1,7 есеге немесе 74 % көбейтті.
Есеп беру кезеңі үшін жіберілген аударымдардың саны 45,9 млн.АҚШ доллар сомасына 36,8 мың құрады (2012 жылы – 20,1 мың және 23,7 млн. АҚШ долларына сәйкес). Төленген аударымдар саны 15,4 млн. АҚШ доллар сомасына 16 мың артып кетті (2012 жылы – 10,3 мың және 10 млн. АҚШ долларына сәйкес).
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова: «Бүгінгі күні Western Union, Contact, Золотая Корона және Юнистрим жүйелер арқылы ақша аударымдарын алу және жіберу қызметін пайдалануды ұсынамыз. Әрқайсысының тарифтер, ақша өткізу жылдамдығы және қосымша қызметтер бойынша өз артықшылығы бар. Біздің мамандар әр клиенттер үшін тиімді қолайлы нұсқауды таңдауға көмектеседі».
2013 жылы аударымдарды жүзеге асыру бойынша Алматы, Тараз, Шымкент, Астана және Петропавл жетекші қалалары болып табылады, аударымдардың көптеген саны – жалпы көлемнен 39%, Contact жүйесі арқылы іске асырылды.
2014 жылы ақша аударымдары бойынша қолданыстағы аудару жүйесін жылжыту, клиенттерге қызмет көрсетудегі сапаны жақсарту, сонымен қатар төлем жүйелері бойынша жаңа қызметтерді дайындау Банк ВТБ (Қазақстан) жұмысының негізгі перспективалық бағыты болып табылады.
Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100 % еншілес банкісі.
ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы № 1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.
Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері — Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).