Еденкемерді өзімізден алыңыз

Индустриалды аймақта орналасқан «Хоум пласт» серіктестігі — отандық еденкемер шығаратын облыстағы бірден-бір цех. Мұнда плинтус секілді тұрмыстық қажеттіліктердің 11 түрі шығарылады. Жылына 2 миллион шаршы метр ернеулік өнім өндіретін цех шикізат мәселесінде аздаған кедергіге тап болуда.

Еркін СұлтановЕркін Сұлтанов, кәсіпкер: «Еденкемерді, яғни, плинтусты шығаруға 6 компонент кетеді. Соның бесеуі Түркия, Қытай, Ресей секілді елдерден келеді. Біреуі ғана Қазақстандікі. Менің ойымша, осы шикізаттарды өзімізден сатып алатын болсақ, шығаратын өніміміз арзан болар еді. Біз қазірдің өзінде шығарылып жатқан плинтустардың бір данасын (2,70 см) цехтан 150 теңгеден босатып жатырмыз. Ал біздің өнімнен сапасы төмен Қытайдың еденкемерлері 250 теңгеден сатылуда. Иілгіштігі өте төмен, тез сынғыш тауарлар біздің өніммен бәсекелесе алмайды. Сондықтан біз егер толық қуатта жұмыс істейтін болсақ, отандық өнімге сұраныс көп болады деген ойдамыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cc08BN3nv0g[/youtube]

Әзірге цех шығарған өнімдерге сұраныс аз. Өйткені, енді ғана жұмысын бастаған серіктестік ауа райының күрт суытуына байланысты жұмыс қуаттылығын уақытша азайтқан. Жалпы, индустиалды аймақ ашылған 3 жылдан бері мұнда осындай 31 серіктестік өз жұмысын жасап келеді. Жоспар бойынша алдағы жылдары олардың саны екі еселенбек.

Хоум пласт

Нұрлан Зейдулла, Индустриалды аймақ директорының орынбасары: «2014 жылы 11 жоба іске қосылады. 2015-2016 жылдары тағы 21 жоба іске асады. Жалпы, 2016 жылға дейін өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған 63 жобаны іске асыру бойынша жұмыс атқармақпыз.»

Алдағы уақытта нндустриаландыру бағдарламасына байланысты бұрынғы фосфор зауытында тамақ және тоқыма өнеркәсібінен басқа барлық сала қамтылады дейді мамандар. Ал инфрақұрылыммен толықтай қамтылған кәсіпкерлерде проблема жоқ екен. Ол үшін индустриалды аймақ басшылығы өткен жылы 5 миллиард теңге жұмсапты.

Хоум пласт 

Хоум пласт

Хоум пласт

Хоум пласт