Енді кәсіпкерлерді заңсыз тексеру деген болмайды. Таяуда кәсіпкерлер мен қаржы полициясының қызметкерлері өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат бірлескен іс-шараларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі болатын жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтауды, кәсіпкердің қызметін заңсыз тексерулерге жол бермеуді көздейді. Бұл мақсатта қаржы полициясы мен облыстық кәсіпкерлер палатасы жұмыс кездесулерін өткізіп, бірлескен бағдарламалар әзірлеп, кеңес органдары мен жұмыс топтарын құратын болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=U729IbYvtZI[/youtube]