Оңтүстікте 120 мыңнан аса кәсіпкер бар

242
ОҚО - бизнес жасауға ыңғайлы өлке

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 120 мыңнан астам адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Аймақта кәсіпкерлердің саны жалына 5-10 пайызға артып отырады. Бұл туралы облыс әкімдігі жанынан құрылған кәсіпкерлерді қолдау орталығы директорының орынбасары Береке Дүйсебеков хабарлады.

 

ОҚО - бизнес жасауға ыңғайлы өлке
ОҚО — бизнес жасауға ыңғайлы өлке

Оңтүстік Қазақстан облысы климаттық жағдайымен ерекшеленеді. Халқы тығыз орналасқан, кәсіпке ынталы. Облыс аудандарының өз ерекшеліктері бар. Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек аудандары — таулы аймақ, мұндағы халық малды бордақылау, етті, сүтті малдарды бағумен, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарындағы кәсіпкерлер жылыжай, егін, бау-бақшамен, ал Отырар, Арыс, Созақ аудандарындағы кәсіпкерлер түйе шаруашылығымен айналысады.

Әрбір кәсіпкер — әлеуетті салық төлеуші. Оның өндіріп отырған тауарынан мемлекет бюджетіне салық түседі. Бір жоба іске қосылса, бірнеше адам жұмыспен қамтылады. Жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Экономикалық өсім пайда болады. Ауылдағы шаруа дамыса, эканомикаға үлес қосылады.

Орталықтың құрылуының басты мақсаты – аймақтағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, көмек беру. Бүгінде мұнда оқу бөлімі, аймақтағы 14 қала, аудандарының әрбірінде бір-бірден бөлімшесі бар.