Ордабасы ауданының әкімі есеп берді

625
Самат Сапарбаев

2013 жылы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласында 20 миллиард теңгенің өнімі өнідірілген. Көрсеткіш 2012 жылмен салыстарғанда 102,5 пайызға артып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Самат Сапарбаев жылдық есебінде мәлімдеді. Айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі де көбейіп келеді. Өткен жылғы кірістің ауқымы 8 миллиард 254 миллион теңгеден асып жығылыпты.

 

Самат Сапарбаев
Самат Сапарбаев

 Бұған қоса ауданда 200 орындық 3 білім беру нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Аудан әкімі арнайы шарада ауызсуға зәру 21 елдімекеннің мәселесін де айналып өтпеді. Бұл үшін жергілікті бюджеттен жерасты су қорын анықтауда жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, 2015-2016 жылдарға қаржыландыру үшін ұсынылыпты. Нәтижесінде араға 2 жыл салып, 59 елдімекеннің ауызсу проблемасы шешіледі деп күтілуде.

Айтпақшы, аудан әкімінің мәліметінше, Ордабасыда халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсарған. Отбасыларға әлеуметтік көмекқаржы тағайындалған. Мұқтаж жандардың қатары 2012 жылмен салыстырғанда 212 адамға азайып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WAeKYmjdju4[/youtube]

Самат Сапарбаев, Ордабасы ауданының әкімі: «2014 жылғы аудан бюджетінің көлемі 7 миллиард 376 миллион теңгені құрап, оның ішінде жергілікті кіріс 652 миллион 820 мың теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылы Темірлан ауылындағы 120 орындық балабақшаның және Ақбұлақ аулындағы 300 орындық мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру, Шұбарсу ауылында 600 орындық Ынтымақ мектебі және Көкарал ауылында М.Жұмабаев атындағы мектепті, Ұялжар ауылында 120 орындық балабақша салу жоспарланып жатыр.»

Есепті тыңдауға келген көпшілік

Айта кетейік, әкімнің есебіне жиналған жұртшылық ауданда әлі күнге мектеп жетіспейтінін айтады. Тіпті 3 ауысымда білім беретін білім ошақтарының саны артқан.