Сочи Олимпиадасының жүлдесінен шымкенттіктер де дәмелі

663
Бақытжан Зиябеков Сочиге шәкірттерін өзі ертіп бармақ

Оңтүстіктің үш спортшысы Сочи Олимпиадасында сынға түседі. Олар: Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек. Жерлестеріміздің үшеуі де фристаил-акробатикадан шеберлік танытуға тырысады. Жібек осыған дейін Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Содан кейін Қазақ жерінде өткен Азиадада топты жарды. Бұл жолы да  бойжеткеннен Оңтүстік жұртшылығы жүлде күтеді. Сочиде олар ақпанның 14-і күні жарысқа шығады. Жеңіс сыйлар деген үмітпен жерлестеріміз саңлақтарға батасын беріп, Ресейге шығарып салды.

Байрақты дода алдын жерлестеріміз  тілшілермен кездесіп, үлкендердің батасын алды
Байрақты дода алдында жерлестеріміз үлкендердің батасын алды
Бағлан Іңкәрбек Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы жатыр
Бағлан Іңкәрбек Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы жатыр

Бақытжан Зиябеков, қысқы спорт түрлері мектебінің директоры: «Бұл үш спортшымыз да төрт жылдан бері түрлі жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтады. Оның үстіне оқу жаттығу жиындары да шетелдерде өтті. Бір жылдың өзінде Ресейден бастап, Қытайға дейін бір қатар шетелдерге жіберіп, шеберлігін шыңдадық. Ендігі үміт Олимпиада ойындарының жүлдесі болып отыр.»

 Қысқы спорт түрлері мектебінің әкімшілігі саңлақтарына сәттілік тілеп, арнайы сыйлықтар да дайындапты
Қысқы спорт түрлері мектебінің әкімшілігі саңлақтарына сәттілік тілеп, арнайы сыйлықтар да дайындапты
Жібек Арапбаева - Сочиге тек медаль үшін жол тартады
Жібек Арапбаева Сочиге тек медаль үшін жол тартады
Жанбота Алдабергенова да болашағынан үміт күттірер спортшы
Жанбота Алдабергенова да болашағынан үміт күттірер спортшы
Бағлан Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанын соңғы аптада ғана білді
Бағлан Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанын соңғы аптада ғана білді
Бұл үштікке оңтүстік жұртшылығы үлкен сенім артып отыр
Бұл үштікке Оңтүстік жұртшылығы үлкен үміт артып отыр
Бақытжан Зиябеков Сочиге шәкірттерін өзі ертіп бармақ
Бақытжан Зиябеков Сочиге шәкірттерін өзі ертіп бармақ